04-12-19 | 16:17
Шанхайдағы Диснейленд қауіпсіздікті тексеру үшін рентген аппараттарын пайдалана бастады.
Шанхайдағы Диснейленд қауіпсіздікті тексеру үшін рентген аппараттарын пайдалана бастады

Қытайдың Шанхай қаласындағы Диснейленд саябағы қауіпсіздікті тексеру үшін рентген аппараттарын пайдалана бастады деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Жаңа талаптарға сәйкес келушілер күзетшінің сұрауы бойынша сөмкелерін ашып, тексертіп, ішіндегі сұралған заттарды қосымша скринингке беруге міндетті.

Саябақ күзетшілерінің айтуынша алдымен рентген аппараттары функциясының тұрақтылық пен тиімділігін тексеру үшін сынақ жүргізіледі. Сондықтан келушілердің кез келген пікірі маңызды. Аппараттар сынақтан өткеннен кейін Диснейлендке қазіргіден де көп рентген құрылғылары қойылмақ.

Үстіміздегі жылы наурызда бір студент саябаққа тамақ алып кіруге рұқсат бермегені үшін Шанхайдағы Диснейлендті сотқа берген. Ал қыркүйек айында  аталған Диснейленд  жаңа ереже енгізіп, келушілердің өзімен бірге сусындар мен тамақтар алып келуіне рұқсат еткен. Бірақ ол тамақтар ысыту немесе суытуды, температурасын қадағалауды, өңдеуді қажет етпейті және өткір иісі болмауы керек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.