06-10-22 |
Шекарадағы ресейліктердің көліктері тоналып жатыр.
Шекарадағы ресейліктердің көліктері тоналып жатыр

Қазақстан мен Ресей шекарасында мародерлер қаптап жүр. Олар көліктерін шекараға тастап, Қазақстанға жаяулап өткендердің көліктерін шетінен тонап жатыр, дейді екі ел арасында жүк тасып жүрген жүргізушілер.

Шекарада қараусыз қалған көптеген көліктің терезесі сынған, оған қоса дөңгелектерін шешіп әкеткен. Батыс Қазақстан мен шектесетін Ресейдің Орынбор бағытындағы Шаған шекара өткелінде 40-қа жуық көлік қараусыз жатыр. Олардың барлығы бүлінген.

Мобилизациядан қашып, Қазақстанға қарай өтіп кеткендердің автокөлігін ешкім қорғайын деп жатқан жоқ. Көліктердің тоналғаны туралы арыз түспегендіктен мародерлік дерегі де тіркелмеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk