22-09-20 | 14:31
Шенеуніктер қирап қалған жаңа кешенге қатысты түсініктеме берді.
Шенеуніктер қирап қалған жаңа кешенге қатысты түсініктеме берді

Алматы облысының шенеуніктері Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құлауына қатысты түсініктеме бердi. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев ғимарат қираған кезде жұмысшылардың зардап шекпегенін айтты. Қазір төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр. “Нысанда 50 адам жұмыс істеген. Мердігер – “Лидер НК “ЖШС. Бұл жерде үш корпус салу жоспарланған еді. Бір корпустың шатыры құлады. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Адами факторды да жоққа шығармаймыз. Құрылыс кезінде біреу болтты дұрыс бұрамауы да ықтимал”, – дедi Еркебұлан Усманбаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені құлаған болатын. Оның құрылысына мемлекет 1,171 миллиард теңге бөлген. Ғимарат биыл пайдалануға берілуі тиіс еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk