20-01-20 | 17:47
Шетелден әкелінген көліктерді тіркеуге қанша ақша кетеді?.
Шетелден әкелінген көліктерді тіркеуге қанша ақша кетеді?

Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көліктерді тіркеуден бюджетке миллиардтаған қаражат түседі. Бұл туралы саясаттанушы Александр Чеботарев телеграм каналында ықтимал есеп жариялады.

“Соңғы деректерге зер салсақ, елге 170 000  жуық көлік әкелінген. Бағасы $3000 тұратын, үш немесе одан көп жыл жүрген және қозғалтқыш күші 1,6  болатын көлікті Қазақстанда тіркету 2,3 миллион теңге болады. Егер автокөліктің бағасы  $10 000 ал қозғалтқыш күші 2,5 болса, тіркеу құны 2,8 миллион теңге.

Әкелінген көліктердің орташа $5000 болса, тіркеудің орташа құны 2,6 миллион шықса және көліктердің 70% яғни 120 000 авто тіркелген жағдайда бюджетке 300 миллиард теңге түседі” деп есептейді А.Чеботарев.

ІІМ-ның Армения, Ресей, Қырғызстаннан әкелінген көліктерді тіркеуден өткізу жайлы ісі қоғамда қызу талқыланып, әр аймақта аталған елдерден көлік әкелгенімен оны тіркетпеген азаматтар қарсылық көрсетіп жатыр. ІІМ көлік тіркеу мәселесіне қатысты түсіндіру жүргізетін жедел желі қосқанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.