03-10-18 | 12:00
Шойгу: Сирияға С-300 кешендері жеткізілді.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендері жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресей Қауіпсіздік кеңесінің жиынында берген есебінде айтты.

Мәліметке қарағанда, Сирияға төрт кешенмен бірге негізгі анықтау жүйелері, локаторлор мен басқару машиналары жеткізілген.

Сирияға С-300 зенит-зымыран кешендерін екі аптаның ішінде жеткізу туралы мәлімет 24 қыркүйекте белгілі болған. Оған 17 қыркүйекте Жерорта теңізінде Ресей әскери ұшағын атып түсіру оқиғасы себеп болған. Латакия провинциясында Сирия әскери-әуе күштері ресейлік Ил-20 ұшағын қателесіп атып түсірген. Ұшақтағы 15 әскери қызметкер түгел қаза тапқан.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтың атып түсірілуіне Израильді кінәлаған. Мәскеу “Латакия провинциясында Асад пен Иранның нысандарын атқылап жатқан израильдік ұшақтар Ресей ұшағын әдейі оққа тосты” деп мәлімдеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.