Шөкеев Түркияның алдында Қазақстанды масқара етті.
Шөкеев Түркияның алдында Қазақстанды масқара етті

Қазақстанға сапармен келген Түркияның вице-президенті Фуат Октай сапар аясында Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына барған. Онда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездескен.

Осы кездесуде қонақ – Фуат Октайға берілуі тиіс қазақ шапанын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өзі киіп алғаны бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады.

Видеоны түсіруші адам қонақ ұсынылған шапанды облыс әкімі киіп алғанын айтады.

Ал кездесу өткен университеттің баспасөз қызметі шапанды Түркия делегациясы Шөкеевке жапқан деп ақпарат таратты.

«Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова және оқытушы-профессор құрамы мен студенттер қатысты.

Түркия Республикасының вице-президентіне білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілді. Ал, Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке шапан ұсынды», – делінген ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk