Шөкеевтің шапаны туралы жаңа видео шықты.
Шөкеевтің шапаны туралы жаңа видео шықты

Қазақстанға келген сапары аясында Түркістанға барған Түркияның вице-президенті Фуат Октайға ұсынылған шапанды өзі киіп, жұрт алдына ұятқа қалған Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің сол кештегі әрекеті толық көрсетілген жаңа видео жарық көрді.

Онда жүргізуші облыс әкімін Фуат Октайдың иығына шапан жауып, кәдесыйды беруге шақырғаны байқалады. Әкім сахнаға шығып, шапанды өзі киіп алғанда жүргізуші сасып қалады да Фуат Октай жымиып жүрізушімен сөйлеседі. Одан соң қонаққа берілетін кәдесыйды Шөкеевтің қолына ұстатады. Кәдесыйда өзіне беріліп тұр деп ұққан әкімге жүргізуші ымдап жатып кәдесыйды Фуат Октайға бергізеді.

Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті әлеуметтік желіде тараған алғашқы видеодан соң, қатты сынға ұшырады. Іле облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әкімді ақтап, видео жариялады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk