29-09-19 | 13:34
Шотландиядан келген туристтер тауда қоқыс терді.
Шотландиядан келген туристтер тауда қоқыс терді

​​Шотландиядан келген ерлі-зайыпты туристтер Алматыға келіп, Медеу, үлкен Алматы көлі, Шымбұлақ сынды ғажайып көрікті жерлерді аралаған. Оларға табиғат қатты ұнаған. Тек таудағы шашылған қоқыс көңілдеріне қаяу салса керек.

Содан олар балалары мен немерелерімен бірге таудағы қоқысты шамалары жеткенше жинаған. Мұны туристтердің танысы Анна Шелепова фейсбукте жазады.

Тау баурайларындағы көрікті жерлерде қоқыс көп екені мәлім. Біздің елде табиғатты қорғау, аялау мәдениеті әлі қалыптаспаған. Бірақ табиғат жанашырлары әртүрлі бастамалар көтеріп, қоқыс теру акцияларын ұйымдастырып жатады. Алайда табиғаттың қадірін білмейтіндердің кесірінен таудың сай-саласы қоқысқа толы. Бұл шетелден келген туристтерді қынжылтатыны белгілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.