15-04-21 |
ШҚО-да жетімдерге тиесілі бюджет ақшасы ұрланды.
ШҚО-да жетімдерге тиесілі бюджет ақшасы ұрланды

ШҚО-дағы балалар үйіне қатысты заңбұзушылықтар 2019 жылы басталған. 160 қызметкер жалақысыз қалып, прокуратураға шағым түсірді. Орталықтағы ішкі жиналыс кезінде мекеменің бас есепшісі балалар үйінің директорымен бірге 15 миллион теңге жымқырғанын мойындады. Ал бұл ақша жетім балаларды қамтамасыз етуге арналған еді.

«Қылмыстық іс Өскемен қаласының № 2 сотына қарауға келіп түсті. Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне – экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына бюджет қаражатын жымқырды және ысырап етті деген айыптар тағылды. Оларды 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңгені ұрлады деп айыптауда», – деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаев.

Соттың мәлімдеуінше, айыптау қылмыстық кодекстің 189-бабы «бір топ адамдар жасаған, кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу және ысырап ету» бойынша тағылды, оған сәйкес айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау көзделеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk