26-06-24 |
4020 рет қаралған
Алматыда автобус дүкенге соғылып бір адам қаза тапты.
Алматыда автобус дүкенге соғылып бір адам қаза тапты

Бүгін сағат 14:20-да Алматының қақ ортасында қоғамдық көлік дүкенге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 16 жолаушы зардап шекті.

Дүкенге соғылған автобустың қираған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жол-көлік оқиғасы Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Полдицейлер оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, – деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.