14-09-21 |
2930 рет қаралған
Алматыда мектеп директоры суицид жасады.
Алматыда мектеп директоры суицид жасады

Алматы облысының Ават ауылында 46 жастағы мектеп директорының асылып тұрған денесі өз үйінің қорасынан табылды. Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Білім ордасындағы кикілжіңдер адам өліміне әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылды.

Марқұм Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г. Садвакасов атындағы мектепте жұмыс істеген. Үш баласы бар. “Экпресс К” басылымы ауыл тұрғындары мектеп директорының парасатты адам болғанын айтып өлім себептерін жіті тексеруді талап еткенін жазды.

“Қол астындағы қызметкері мен білім ошағының басшысының арасында жанжал болған. Мектепте құйтырқы әрекеттерге барған үшін педагог жұмыстан шығарылған. Десек те әлгі қызметкер сот арқылы қайта оралып, директорға қоқан-лоққы көрсеткен. Соттың барлық инстанциялары арқылы шағым түсірген”, – делінген жазбада.

Оқиға бойынша облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Қазіргі таңда мектеп директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.