ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттік қызметшілерін цифрлық үкімет саясатын дамытудың озық тәжірибелерімен таныстырды.
Самарқандта «Цифрлық үкімет саясатының негіздері» тақырыбында әлеуетті дамыту жөніндегі семинар ауқымында Орталық Азия мен Кавказ елдерінің 60-тан астам уәкілетті органдары өкілдері цифрлық үкімет саясатын дамыту мен жүзеге асырудың озық тәжірибелерін зерделеуде. Олар сондай-ақ аймақтағы елдерге назар аудара отырып, БҰҰ-ның 2022 жылғы электрондық үкімет жайлы зерттеу нәтижелерімен де танысты.
Өзбекстан Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрі бірінші орынбасары Олег Пекос: «Пандемия кезінде цифрлық технологияларды күнделікті өмірімізге, әсіресе мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына жедел енгізудің маңыздылығына бәрінің көзі жетті»,- деді. Ол «цифрлық» күн тәртібінің басым мақсаттары мен сынақтарына жауап беріп, оларды шешу үшін шетелдік серіктестер және әріптестермен тығыз өзара ынтымақтастықтасу, оның ішінде әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, диалогты кеңейту, бірыңғай стандарттар мен тәсілдерді қалыптастыру қажеттігін» айтты.
Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) жанындағы Цифрлық үкімет бюросы Цифрлық үкімет саясаты тобының жетекшісі Сунжае Ли «цифрлық трансформация үкіметтің барлық салаларына таралып жатқанын және Корея Республикасы цифрлық үкімет саясаты арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін және ашықтылығын кеңейтіп, өзгерістерді адамдар сезінетіндей етіп енгізуге ұмтылуда» деп атап өтті. «Жақында үкімет цифрлық платформа тұжырымдамасына көшу жоспарын жариялады, онда барлық деректер әлеуметтік мәселелерді шешу мен жаңа құндылықтар қалыптастыру үшін өзара байланыстырылған». «Осы бағдарлама аясында тәжірибе және әртүрлі үлгілер алмасу арқылы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға және цифрлық үкіметті одан әрі дамытуға мүмкіндік бар» – деді Сунжае Ли.
Астана мемлекеттік қызмет хаб Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов: «Бүгін біз өмір сүріп жатқан жаңа шынайы жағдай бүкіл әлемдегі үкіметтерді жаңа технологиялар мен инновацияларды – мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер көрсетудегі тиімді құрал ретінде қолдануды жеделдетуге шақырады», – деп атап өтті. «Сонымен қатар заманауи үдерістер мен азаматтардың артып келе жатқан сұраныстарын ескертін цифрлы үкімет саясатының келісілген негіздерін жасап шығару маңызды», – дедеді спикер. Алихан Байменов: «Қазіргі үрдістерді де, азаматтардың өсіп келе жатқан үміттерін де ескеретін келісілген цифрлық мемлекеттік саясаттың негізін жасау өте маңызды. Егер халықаралық тәжірибе мен озық практика ескерілсе, мұндай негіздеменің сапасы жағынан ұтары сөзсіз. Сондықтан бүгінгі семинардың өзекті әрі өз уақытында өтіп отырғаны айқын», – деді.
Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілі мінжетін атқарушы Сухроб Ходжиматов бұл Корея Үкіметімен бірлескен жоба БҰҰДБ жаңа цифрлық стратегиясымен тұспа-тұс келді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін цифрлық шындықтың қиындықтары мен сын-қатерлерін тиімді жеңуге бағытталғанын атап өтті. Цифрландыру – технологиялық прогресс әкелген инновацияларды пайдалана отырып, халықтың ең осал топтарына қол жеткізуге көмектесетін тұрақты дамудың негізгі факторы. Бүгінде дүние жүзіндегі үкіметтердің көпшілігі өз елдерін цифрлық түрлендіру бойынша күш-жігерін күшейтіп, ашық үкімет үшін азаматтарға тезірек және тиімдірек қызмет көрсету және қоғамдық сенімді қалпына келтіру үшін мүмкіндіктер жасауда.
Іс-шара барысында Корея Республикасы мен ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары Цифрлық үкімет саясаты саласындағы негіздемелік тұжырымдаманы (DGPF) қолданудың табысты мысалдары мен компоненттерін ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ осы бағыттағы сын-қатерлер мен проблемаларды талқылауға және талдауға әрі саясатты тиімді жетілдіру мен іске асыру жөніндегі кеңестермен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шараның екінші күні Ақпараттық коммуникациялық технологиялар апталығы аясында өтті. БҰҰ-ның «Электронды үкімет 2022 зерттеуі нәтижелерімен Өзбекстан үкіметі, атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі жанындағы электрондық үкімет жобаларын басқару орталығы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен (БҰҰ ЭӘМД) бірлесе отырып ұсынды. Олар сонымен бірге осы саладағы аймақтық тенденцияларды көрсетті. Іс-шара барысында Эстония электронды үкімет академиясының (EGA) жетекші сарапшылары цифрлық трансформация саласындағы табысты инновациялық жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар «ICTEXPO» Халықаралық IT-көрмесін тамашалап, Өзбекстан Республикасының жаңа технологияларымен, әдіс-тәсілдері және жобаларымен танысты.
Екі күндік семинар Астанадағы Мемлекеттік қызмет хабы (ACSH), Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS), Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA), Өзбекстан Республикасы АТО дамыту министрлігі жанындағы электронды мемлекеттік жобаларды басқару орталығы және Өзбекстандағы БҰҰДБ және ЭЫДҰ қолдауымен ұйымдастырылды.