arasha.kz

inDrive қалалық жолсапарлардың сапасын арттыруда

inDrive жолаушылардан арнайы пікірлерді жинау жүйесінің арқасында пайдаланушылардың қызметтердің сапасына қанағаттанушылығын 31% арттырды.

Қыркүйек айында Алматы қаласында халықаралық көлік және тұрмыстық қызметтердің IT-платформасы – inDrive компаниясы салонда бөгде адамның болуы, автомобильдің мәлімделгенге сәйкес келмеуі және тиісті күйде болмауы сияқты пайдаланушылардан жиі түсетін үш шағымға негізделе отырып, қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі жобаны іске қосты. Бүгін компания жобаның болжамды нәтижелерімен бөлісуде, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында оны кеңейту туралы хабарлауда.

“Бізде пайдаланушылардың негізгі өтініштерін қарастыратын пайдаланушыларды қолдау жүйесі жақсы жұмыс істейді. Осы жобада біз жолсапардың сапасы мен жайлылығына әсер ететін маңызды шағымдарға назар аудардық», – дейді inDrive компаниясының кері байланыс жөніндегі аға маманы Илья Дьянов.

Жоба мақсаты

inDrive қыркүйек айында өз қызметтерінің сапасын бақылауды арттыру бойынша жобаны іске қосты. Осы мақсатта компания жолаушыларды жолсапарлар туралы пікірлерін белсенді түрде қалдыруға ынталандырды.

Алматыда әр жолсапардан кейін компания жолаушылардан жолсапардың қалай өткенін сұрап, келесі нұсқалардың бірін таңдауды сұрады: 1. Көлікте бөгде адам болды. 2. Басқа көлік келді. 3. Көлік нашар күйде болды. Немесе (4) «Барлығы дұрыс» батырмасын басу.

Жолсапардан кейін жолаушыларға сапа туралы осындай сұрақтар қою қызмет көрсету жағынан тез әрекет ету және inDrive-те қызметтердің сапасын аса бақылауға мүмкіндік береді.

Нәтижелері

Жоба 3 айға (2022 жылғы қыркүйек-қараша) созылды. Осы уақыт ішінде әр метрика айтарлықтай жақсарды:

1. “Көлікте бөгде адам болды”: шағымдардың үлесін 1.4%-дан 1.0%-ға дейін қысқартты
2. “Басқа көлік келді”: шағымдардың үлесін 0.7%-дан 0.5%-ға дейін қысқартты
3. “Көлік нашар күйде”: шағымдардың үлесін 1.1%-дан 0.7%-ға дейін қысқартты.

Нәтижесінде жағдай орта есеппен 31%-ға жақсарды.

Тәжірибе нәтижесі сәтті деп танылды. inDrive Қазақстанның басқа қалаларында жалғастыру туралы шешім қабылдады. Жоба Ақтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Жаңаөзен, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында іске қосылды.

“Біз үшін жолаушылардан кері байланыс өте маңызды, себебі мәселені ертерек білсек, оны ерте шешуге болады. Жобаның нәтижесінен біздің дұрыс жолда екенімізді көруге болады: біз шағымдардың санын азайтып, жолаушылардың қанағаттанушылығын арттыра алдық», – дейді Илья Дьянов.

Exit mobile version