Оралда саяжай тұрғындары Ақсай мен Орынборға, сондай-ақ Самара-Шымкент тас жолына шығатын жолдарды жауып тастады. Қазір ол жерде кептеліс болып жатыр. Үйлерін су басқан саяжай тұрғындары өтемақы төлеуді сұрап отыр. Су олардың үйлерін ғана емес, ішіндегі дүние-мүлкін түгел дерлік бүлдірген, деп жазды «Мой город».
«Шеткі үйлердің тұрғындарға өтемақы төленіп жатыр деп естідік, бірақ біз бау-бақша қоғамының тұрғындарымыз. Олар бізге мүлде қарағысы келмейді, құрал-жабдықпен, құммен, сөмкемен көмектеспейді», – дейді тұрғындардың бірі.
Наразылық білдірушілер полиция оларға қарсы күш қолданғанын айтады.
«Бізді қоғамның қоқысы санайды. Ешкімнен ештеңе сұрамай өмір сүрдік. Бұлар негізінен жалғызбасты аналар. Неліктен бізге бұлай қарайды? Маңайда балалар болғанына қарамастан, полицейлер бізге күш қолданды», – деп ашуланады саяжай тұрғындары.
Орал әкімі Миржан Сатқанов халыққа шара қолданылатынына уәде берді. Яғни, демеушілер іздейтінін айтты.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024