07-07-24 |
5390 рет қаралған
Тоқаев: Домбыра төрден түспесін!.
Тоқаев: Домбыра төрден түспесін!

7 шілде Домбыра күніне орай, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халықты домбыра күнімен құттықтады.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап далаөркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!, – деді Тоқаев.

Қазақстанда 2018 жылдан бері шілде айының бірінші жексенбісі домбыра күні болып белгіленген. Содан бері бұл күн жыл сайын тойланып, осы күнге орайластырып түрлі мәдени іс-шаралар өтіп келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.