03-12-18 | 21:35
Шыңжаң мұсылмандарды қамайтын лагерьге айналып барады.
Шыңжаң мұсылмандарды қамайтын лагерьге айналып барады

Азаптау, тергеу, коммунистік режимнің күн сайынғы қатаң режимі. Бұл – Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағындағы қайта тәрбиелеу орталығында болған адамдардың айтқандарының бір парасы ғана деп хабарлайды reuters.

Халықаралық агенттіктің хабарлауынша, Шыңжаңда 39 қайта ағарту орталығы салынған кейбірі кеңейтілген. БҰҰ-ның мәліметінше, лагерьлерге миллион мұсылман қамалған. Олардың дені – ұйғырлар және өзгеде мұсылман азшылық топтары. Алайда, Қытай өкіметі қайта ағарту орталықтарына мұсылмандарды көптеп қамағанын жоққа шығарып, ол мекемелерде адамдар терроризм мен экстремизмнен сақтанып, бойын аулақ ұстау үшін кәсіби білім алатынын алға тартады.

Қытай қамалған туыстарына араша сұраған адамдардың жиыны Қазақстанда 2017 жылдан бері жиі өтіп келеді. 26 қараша сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров осыған дейін Қытайда “қос азаматтығы бар” деген айыппен Қазақстанның 29 азаматы ұсталып, оның 15-і босаған. Ал Қазақстанның 14 азаматы “қос азаматтығы бар” деген себеппен Қытайдан қайта алмай отырғанын айтқан еді.

Қазанның 16-сында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі үкіметінің төрағасы Шохрат Закир “осындай орталықтардың арқасында аймақ діни экстремистік әрекеттерден аман қалғанын, қазір жағдайдың қауіпсіз әрі тұрақты екенін” айтқан. Закирдің сөзінше, мұндай орталықтарда отырғандар мандарин тілін (қытай тілінің ірі диалектісі) меңгеріп, заманауи ғылым үйренеді. Саяси лагерьлерді “тегін кәсіп үйрену орталықтары” деп сипаттаған шенеунік мұнда “мамандық жетілдірумен қатар, спорттық мәдени шаралар өтетінін де” айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.