17-11-20 | 13:14
Шымкент футболға 2 айда жарты миллиард теңге жұмсамақ.
Шымкент футболға 2 айда жарты миллиард теңге жұмсамақ

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы футбол командасын екі ай жаттықтыру үшін 551 миллион теңгенің тендерін жариялады. Бұл туралы телеграмдағы @fund_anticorr каналы мәлімдеді. Мемлекеттік сатып алу порталына шығарылған лот «Футбол командаларын дайындау және жергілікті, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу жөніндегі қызметтер» деп аталады. Тендердің қорытындысы шықпаса да «Ордабасы» АҚ-ның жеңімпаз болатынын техникалық сипаттамалардан көруге болады. Құжатқа сәйкес мемлекеттің қаражаты өтіп кеткен қазан айынан бастап игерілмек. Жеңімпаз жылдың соңына дейін футбол командасын республика чемпионатына, маусым кубогына және келер жылғы УЕФА-ның Еуропа Лигасына дайындауы тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.