Шымкентте ескерткіштерге бетперде таққан шенеуніктер ұятқа қалды.
Шымкентте ескерткіштерге бетперде таққан шенеуніктер ұятқа қалды

Шымкент әкімдігі коронавируспен күрестің жаңа насихат түрін ойлап тапты. Халықты жаппай бетперде тағуға шақырған билік хәкім Абай мен Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне де маска тағып қойды. Әкімдік бастамасы көпшілік сынына ұшырады. Қоғам шенеуніктердің әрекетін тарихи тұлғаны мазаққа айналдырды деп қабылдады.

Желіде тарап кеткен мәліметке сүйенсек, әкімдің өңірдегі басқа да ескерткіштерге бетперде тағу жоспарын бекітіп қойған. Абайдың мен Тұрар Рысқұловтың ескерткіштерін тұмшалаған бетперде халықтың назарына тез іліккен. Халық насихаттың жаңа түрін қабылдай алған жоқ.

Ал билік креативті бастама індеттен сақтандыру, басқаларға ой салу, былайша айтқанда насихаттың түрі ғана деп түсіндіреді. Шарада қаланың төрт ауданы ескерткіштеріне маска тағу қарастырылған екен. Алайда наразылық себеп болды ма, бұл амал тоқтаған.

Жағдайға қалалық депутат түсініктеме берді.

«Бабалардың әруағына тиіскен мәселе деп санамаймын. Мен жаздым, ең болмағанда бір адам осы індеттен құтқарылса, болмаса бір адам болсын аз ауырса, ол осы акцияның нәтижесі болғаны. Ол оңды. Дұрыс деп айттым», – деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұқарбаев.

Бірақ шешімнің дұрыстығына сенімді әкімдіктің не себепті шараны жалғастырмай тоқтатқанын депутат мырза түсіндіре алмады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.