Өскемендіктер қардың қарайып кеткеніне шағымдануда.
Өскемендіктер қардың қарайып кеткеніне шағымдануда

Өскемен қаласындағы аудандардың бірінде қала тұрғындары  «Экологиялық қауіпсіздік орталығына» қарға шөккен белгісіз заттың кесірінен ақ ұлпа қарайып кеткенін хабарлапты.

YK-news.kz жазуы бойынша аталған мекемеге тұғындар бәрнеше рет шағымданған.

—  Экологиялық потрульге 10  қаңтарда алғаш «Қара» қарға шағымданып, хабарласушылар болды. Дәл осындай шағым кеше де келіп түсті. Міне бүгін тағы екеуі келді, — дейді  «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС баспасөз хатшысы Елена Полянцева.

Экологиялық қауіпсіздік орталығының айтуынша аталған факті бойынша тексеріс жүргізу үшін тұрғындардан Қоршаны ортаны қорғау депортаменті басшысының атына жазбаша шағым келіп түсуі керек. Сонымен бірге арыз-шағым анонимді болмауы керек.

Айта кетейік, Өскеман қаласы елдегі экологиясы бұзылған, лас қалалардың бірі.  Қала түсті металургия саласымен танымал. Өскеменде “Үлбі металургия заводы” АҚ, “Қазмырыш” ҰҚ, “Өскемен титан-магний заводы” АҚ және т.б. кәсіпортындар бар. Сонымен қатар, машина жасау кешенінде “Шығысмашзавод” ААҚ, “Азия-Авто” АҚ, “Өскемен арматура заводы” АҚ, “Өскемен конденсатор заводы” АҚ басқа да кәсіпорындар жұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk