Әскери бөлімшедегі оқиға: салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды.
Әскери бөлімшедегі оқиға: салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды

Шымкентке жақын маңдағы әскери бөлім басшылығына қатысты салғырттық туралы тағы бір іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

«Қазір бізде аталмыш әскери бөлімде күзетте болған әскери жасақтың салғырттығы туралы тағы бір іс қозғалды. Ол әскери бөлім басшылығына қатысты. Шыны керек сонша қару-жарақты қалай алып шыққандарын анықтау үшін барлық деректі тағы тексеріп шығу керек», – деді Тұрғымбаев дүйсенбідегі үкімет кулуарында.

Сонымен қатар ол әскери жасақ пен басшылыққа қатысты жеке құқықтық баға берілетін болатынын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.