arasha.kz

1 қаңтардан бастап Алматыда жаңа 400 «Сергек» камерасы іске қосылады

Алматыда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 400 «Сергек» видеофиксация камералары іске қосылады деп хабарлайды «Arasha.kz» ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметтері бойынша камералар жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету, жол белгілерінің және сызықтарының талаптарын орындамау, көліктің тоқтау мен тұрақтау ережесін бұзу, сонымен қатар қоғамдық көліктерге арналған жолаққа заңсыз шығып кету сияқты ереже бұзуларды тіркеп алады.
«Жол ережесін бұзуды алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркей бастайды. Автомобилистерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», –  деп хабарлайды полиция.

Exit mobile version