22-11-18 |
2920 рет қаралған
1 желтоқсаннан бастап қантар айында өтетін ҰБТ-ға өтініштер қабылданады.
1 желтоқсаннан бастап қантар айында өтетін ҰБТ-ға өтініштер қабылданады

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында) өткізіледі.

«ҰБТ форматын жеңілдету, балаларға тиісті жағдай жасау мақсатында ұсыныстарымыз бар. Бірінші мәселе 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін түлектер Ұлттық біріңғай тестілеуді жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі бар. Қаңтар айында ҰБТ тапсырып, тиісті шекті балды жинап алса, онда мектепті бітірмей, аттестатын алмай тұрса да,  сертификатты апару арқылы Жоғары оқу орнына тапсырса, онда түлек ақылы негізде оқуға түсуге құжаттарын тапсыра алады», – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

2019 жылғы 15-20 қаңтар аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 2018 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.

Ал білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер міндетті түрде маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет екендігін Асхат Аймағамбетов тілге тиек етті.

Сондай-ақ, шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізілуде.

Дереккөз: ortcom.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.