Зейнеткерлік жасы ұлғайғанымен, әйелдерге зейнетке ерте шығу мүмкіндіктері сақталған, олар:
– 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жасқа толғанда;
– төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жасқа толғанда;
– зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде (2017 жылы – 12,4 млн теңге), зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда – 50 жасқа толғанда.
Яғни, осы жасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығы бар болады.
Бұған қоса, әйелдерге жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақытты есепке алу жеңілдігі сақталған.
Ведомство мәліметінше, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде тек 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады. Ал, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдері беріледі.
Зейнет жасына келген азаматтар зейнетке шығу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлік;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) еңбек кiтапшасы;
4) бiлiмi туралы құжат;
5) әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
4) жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы.
Қажетті құжаттардың толық тізімі «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығында бекітілген.
Зейнетақы тағайындау туралы толық мәлімет алу үшін азаматтар қажет құжаттарымен тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы қажет. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ақпараттық кеңес орталығының (call-центр) 1414 номерлі телефонына тегін хабарласып, толық мәлімет алуға болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жасы ұлғайғанымен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы жасына байланысты зейнетақы төлемдері 8%-ға өседі. Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының өзгеруіне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де артады.
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024