«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2019 жылы Қазақстандағы сзө бостандығының бұзылуы статистикасын ұсынды.
Қор тіркеген мәліметтерге сүйенсек, былтыр 46 журналист қамауға алынып, БАҚ пен тілшіге қоқан-лоққы көрсетудің 10 фактісі тіркеліпті. Сонымен қатар 17 рет журналистке шабуыл жасалған.
Қылмыстық тәртіптегі айыптауға келер болсақ: Жала жабу мен кемсіту – 26, біле тұра жалған ақпарат тарату – 7, арандату – 5, тыйым салынған ұйым ісіне араласу – 7, билік өкілін қорлау мен күш көрсету – 3 жағдай тіркелген.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша:
– 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР соттары ҚР ҚК 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша 24 істі аяқтады. Олардың ішінде: 18 іс бойынша шешім шыққан; 1 іс бойынша қаралым тоқтатылды. Сондай-ақ, 26 адам айыпталып, оның ішінлде 19 сотқа тартылды, 3-і ақталды.
2019 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша СДТБТ-да ҚР ҚК 174-бабы бойынша 68 іс тіркелді. Сотқа 59 құқық бұзушылық бойынша істер жіберілді.
Азаматтық тәртіпте айыптау – 73 іс.
Олардың ішінде ар – намысты, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы шағымдар мен талаптар-66.
Маралдық шығын өтеу соммасына арыз – 101 млн. 500 мың теңге
Моральдық зиянды өтеудің өндіріп алынған сомасы- 9 млн. 415 мың теңге
БАҚ-қа авторлардың талабы: мемлекеттік қызметкер – 22 , заңды тұлға – 22, азаматтар – 22
Сот шешімдері шығарылған – 76 (21 – апелляциялық, 4 – кассациялық).
БАҚ пен азаматтардың мүддесіне – 45 іс.
Әкімшілік тәртіпте айыптау – 17 іс.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024