arasha.kz

2019 жылы Қазақстанда 46 журналист қамауға алынды – «Әділ сөз»

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2019 жылы Қазақстандағы сзө бостандығының бұзылуы статистикасын ұсынды.

Қор тіркеген мәліметтерге сүйенсек, былтыр 46 журналист қамауға алынып, БАҚ пен тілшіге қоқан-лоққы көрсетудің 10 фактісі тіркеліпті. Сонымен қатар 17 рет журналистке шабуыл жасалған.

Қылмыстық тәртіптегі айыптауға келер болсақ: Жала жабу мен кемсіту – 26, біле тұра жалған ақпарат тарату – 7,  арандату – 5, тыйым салынған ұйым ісіне араласу – 7, билік өкілін қорлау мен күш көрсету – 3 жағдай тіркелген.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша:

– 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР соттары ҚР ҚК 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша 24 істі аяқтады. Олардың ішінде: 18 іс бойынша шешім шыққан; 1 іс бойынша қаралым тоқтатылды. Сондай-ақ, 26 адам айыпталып, оның ішінлде  19 сотқа тартылды, 3-і ақталды.

2019 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша СДТБТ-да ҚР ҚК 174-бабы бойынша 68 іс тіркелді. Сотқа 59 құқық бұзушылық бойынша істер жіберілді.

Азаматтық тәртіпте айыптау – 73 іс.

Олардың ішінде ар – намысты, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы шағымдар мен талаптар-66.

Маралдық шығын өтеу соммасына арыз – 101 млн. 500 мың теңге

Моральдық зиянды өтеудің өндіріп алынған сомасы- 9 млн. 415 мың теңге

БАҚ-қа авторлардың талабы: мемлекеттік қызметкер – 22 , заңды тұлға – 22, азаматтар – 22

Сот шешімдері шығарылған –  76   (21 – апелляциялық, 4 – кассациялық).

БАҚ пен азаматтардың мүддесіне – 45 іс.

 Әкімшілік тәртіпте айыптау – 17 іс.

Exit mobile version