Нұр-Сұлтандағы банкоматтардың бірінен ірі сома ұрлады деген күдікпен бұрынғы банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды полиция департаменті.
Ұсталған ер адам 27 жаста және бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Күдікті қылмысты қызметінен босатылғаннан кейін жасаған.
«Күдікті бұрын инкассатор қызметінде болып, терминалдан ақша жинаған. Жұмыстан босатылғанда құрылғылардың бірінің кілтін қайтармаған. Осылайша қылмыскер кешкі уақытта супермаркетке келеді. Терминалға жақындап, құрылғыны кілтпен ашып, 3 800 000 сомасындағы ақшаны қолды қылған», – деді полиция.
Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.