10-09-21 |
1100 рет қаралған
​​35 қандас Ауғанстаннан Қазақстанға оралды.
​​35 қандас Ауғанстаннан Қазақстанға оралды

Кеше кешке Ауғанстаннан 35 қазақ тарихи отаны – Қазақстанға келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігі ӘӘК-інің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді. Оның 35 адамы Ауғанстаннан елге келген қандастар. Сондай-ақ Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады.

Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды.

Қазақстанның Кабулдағы Елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста.

Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

фото: сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.