23-12-22 |
1380 рет қаралған
800-ден астам бала жаңажылдық «Самұрық-Қазына» сыйлықтарына ие болды.
800-ден астам бала жаңажылдық «Самұрық-Қазына» сыйлықтарына ие болды

Жаңа жылды онкологиялық орталықта қарсы алатын кішкентай балапандарымыз үшін бүгінгі күн ерекше тосын сыймен басталды.

Қатерлі дертке душар болса да, емделіп шығамыз деген сертке берік балаларды «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Астана мен Алматыда мерекемен құттықтады.

Біздің елде «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. Кішіні сен сыйласаң кісі сені сыйлайды», – дейтін керемет сөз бар. Бүгінгі кездесулер осы сөз бен түсініктің тереңдігін еске түсірді.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен ұйымдастырылған шарада Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында оңалтудан өтіп жатқан 310 балаға Жаңа жылдық сыйлықтар мен сертификаттар тарту етілді.

Мәселен, бүгін Алматыдағы орталықта онкологиялық аурулары бар 155 бала ем алып жатыр. Осы кішкентайларымызды еншілес компаниялар атынан қордың Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Жаңа жылдық сертификаттар табыстап, ата-аналарымен тілдесті.

«Қазір елімізде медицина саласы жоғары деңгейде. Мықты құрал-жабдықтар бар. Дәрігерлеріміз де өте білікті. Сондықтан осы сынақтан тез өтіп, өмірлеріңізде жарқын кезеңдер мол болсын!», – деді Ғибрат Ауғанов.

Дәл осы күні Астана қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы да жаңажылдық көңіл-күйге бөленді. Бұл жерде де оңалтудан өтіп жатқан 155 балаға да арнайы сертификаттар сыйланды.

Құны 50 000 теңге сертификаттар арқылы ата-аналар балаларымен ақылдасып, өздері таңдаған кез-келген сыйлықты «ДБалалар әлемі» дүкендер желісінен сатып ала алады.
Сонымен қатар, елордадағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тәрбиеленуші 500 ерекше бала да сыйлықсыз қалмады. Оларды таңертеңгілікте компаниялар тобындағы еңбек ұжымдары атынан құттықтаған «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева жеткіншектерге тәттілер жиынтығын үлестірді.

«Армандар орындалу керек. Ал біз, ересектер, бұл жолда барынша күш салатын боламыз. Бәрі мүмкін, тек армандай біліңдер. Баршаңа мықты денсаулық пен ғажайыпқа сенім тілеймін», – деді Альфия Адиева.

Қайырымдылықтың басым бағыттары денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спортты дамыту және азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға негізделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.