arasha.kz

Аблязов пен Хропунов ісін Қазақстан шетелдік құқыққорғаушыларға тапсырады

Фото : коллаж zakon.kz

Фото : коллаж zakon.kz

Сырттай сотталған Мұхтар Аблязов пен Виктор Хропуновтың сот істері шетелдік құқыққорғаушыларға тапсырады деп хабарлады Бас прокуратурордың орынбасары Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында.

«Бұл азаматтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында мллиардтаған ақша жымқырды. Бұл Қазақстан териториясында аса ауыр қылмыс болып есептеледі. Қазіргі уақытта олар тұрып жатқан жерлерде екі ел құзырлы органдары арқылы жұмыс жүріп жатыр. Қылмыстық аңду жалғасуда», –  деген Марат Ахметжанов : -«Бүгінгі күні оларды Қазақстанға қайтару, экстрадициялару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қайтармасаң өзің сотта деген принципті ұстанамыз. Іске қатысты белгілі бір материалдар оларға қатысты шешім шығару үшін сол елдердің органдарына жіберілетін болад», – деді прокуратуратура өкілі.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7 маусымында Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовті сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырды. М. Әблязовке қатысты қылмыстық істің жүріп жатқанына 10 жылдан асты. Ол «қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті, БТА Банкінің қаражатын жымқырды және жекешелендірді, банк қаражатын заңсыз қолданды және қызметтік өкілін асыра пайдаланды» деп айыпталды.

Ал Алматының бұрынғы әкімі Виктор Хропунов пен оның әйелі Лейла Хропунованың үстінен  «қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті» деген ұзын саны 24 қылмыстық іспен айыпталып, Виктор Хропунов 17 жылға, Лейла Хропунова 14 жылға сырттай сотталған. Қазір оларға халықаралық іздеу жарияланған. Бұл отбасы Шведцарияда тұрып жатыр деген болжам бар. 

Exit mobile version