Адвокат Бауыржан Азанов қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптап, арқасына үтік басқан полиция қызметкерлерінің қатаң жазаланатынына күмәнмен қарайды.
«Жаңа ғана Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бес қызметкеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы бойынша азаптау жасады деген айып тағылғаны туралы хабарлама таратты. Криминалдық полицияның үш қызметкері, яғни анықтаушылар, бір СОБР қызметкері және бір әкімшілік полиция қызметкері.
Жеке мен үшін бұл үлкен жеңіс. Әсіресе Қазақстанның басқа аймақтарындағы азаптаулар туралы хабарламалармен салыстырғанда»,-деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.
Сондай-ақ ол қамауға алынғандарды азаптаған полиция қызметкерлері қатаң жазадан құтылып кете ме деген алаңдаушылығын білдірді.
«Бір ғана өкінетінім, сан түрлі себептерге байланысты (ақылды, дана адамдар не айтып тұрғанымды түсінеді) бұл қызметкерлердің барлығы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылатынына қатты күмәнім бар. Халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын»,-деп жазды адвокат.