21-12-22 |
3540 рет қаралған
«Адырна» порталы мен олигарх Қайрат Мамиев арасындағы сотқа журналистер кеңінен қатыса алады.
«Адырна» порталы мен олигарх Қайрат Мамиев арасындағы сотқа журналистер кеңінен қатыса алады

«Адырна» ақпарат агенттігінің басшысы Арман Әубәкір Олигарх Кайрат Мамиевтің ар-намысына нұсқан келтіру ісі бойынша соттың бүгін дайындық отырысы аяқталғанын жазды. Айтуынша, 2023 жылдың 12-ші қаңтарында сот процессі басталады. Оған журналистерді де шақырып, барынша ашық өткенін қалайды.

«2008 жылы Өскеменде “Аксай – Инжинеринг” ЖШС компаниясы тұрғын үй құрылысын бастайды. Салымшылар үй алудан үміттеніп құрылысқа ақша салады. 2010 жылдың аяғында құрылыс нысаны “Аксай – Инжинеринг”-тен “Берел – Кұрылыс”-қа ауысады. Үй салынып біткенде “Берел – Құрылыс” жаңа адамдарға үй сата бастайды. Бұрынғы ақша салып қойғандар зарлап қалады»,- деп жазды А. Әубәкір әлеуметтік желіде.

2006 жылы Алматыдағы көрікті аудандардың бірінде (Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысы) “Весновка” тұрғын үй кешені салына бастайды. Бұл тұрғын үйдің айналасынан да дау басылмады. Әлі күнге дейін солай. Салымшылар өз ақшаларын қайтарып алса да, (2006 жылы ақша салған) оған ешнәрсе келмейтінін түсініп, бармақ тістеп қалған. Келісім-шарт бұзылып, осы күні пәтерлер жаңа бағамен саудалануда.

Үшінші тура сондай жағдай “Үш қоңыр” кешені бойынша орын алып отыр. “Үш қоңыр” Назарбаев пен Маметова көшелерінің қиылысында орналасқан.

Жақында “КТК”, “Еуразия”, “Алматы” телеарналары барып, сюжет түсіріпті. Құрылыс компания басшыларына қылмыстық іс қозғалғаны туралы да айтылады сюжеттерде.

«Бұл тұрғын үй кешендеріне байланысты туған мәселелер интернеттен ерінбеген адам оп-оңай тауып алады. Біздің “жазығымыз” – бөлек-бөлек жағдайларды басын қосып жазғанымыз. Айтпақшы, блогер Тоқберген Абиевтің ютуб арнасына құрылыс Кайрат Багланович Мамиевтің құрылыс компаниясы жұмыс істетіп, төлем жасамай алдап кетті деп шағымданып бір топ құрылысшылар да сұхбат берген. Салымшылар ғана емес, сол құрылыста жұмыс істеген құрылысшылардың да “маңдайы шылқып” жүрген жоқ екен», – деп жазды ол.

Бөлек-бөлек жағдайларды жазғандарға қарата үн қатпай, неге барлық деректі біріктірген бізге шүйлікті? Себебі, барлық ақпараттар бір жерге тоғысқанда шынайы бейнелері айқындалады емес пе? Ал енді шындықты жазған әрбір журналисті, ақпарат құралын соттай берсек, “Жаңа Қазақстанды”, “Әділетті Қазақстанды” қалай қалыптастырамыз? Бесігінде тұңшықтырамыз емес пе?, дейді Арман Әубәкір.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.