13-09-19 |
780 рет қаралған
Air Astana Тоқаевты тыңдамайды.
Air Astana Тоқаевты тыңдамайды

Air Astana билет бағасын арзандатпайды. «Өзге елдермен салыстырғанда бізде билет құны онсыз да төмен. Алысжақын шетелдің әуе тасымалдаушыларына қарағанда біздегі баға бірнеше есе төмен. Бұл ретте бізге қарасты Fly Аrystan компаниясының барып-келу құны шамамен 45 доллар. Өзге лоукострлермен салыстырғанда мұндай баға жоқтың-қасы»,-дейді Питер Фостер.

Әуе компаниясы алдағы уақытта лоукостердің жұмысын жандандырмақ. Ол үшін «Fly Аrystan» әуе паркіне тиесілі ұшақ санын 2-ден 10-ға дейін көбейтуді көздеп отыр. Келер жылдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа рейстер ашылады. Дегенмен Питер Фостер Air Astana компаниясының аспандап тұрған билеттерін арзандатпайды.

Ал президент Тоқаев жолдауда «Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?

Қазақстан әуежайларында жанармай шетелдік тасымалдаушылар үшін қымбат бағаға, ал отандық тасымалдаушыларға арзанға сатылатыны неліктен?

Соның салдарынан Қазақстанның авиация саласы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айырылып, транзиттік әлеуетіміз төмендеп кетті.

Тиісті министрлік пен ведомстволардың салғырттығына байланысты темір жол билеттерінің тапшылығы қолдан жасалып отыр.

Бұл салаларда тез арада тәртіп орнату керек» деген еді. Ал Фостердің сөзіне қарағанда, әуе компаниясына президенттің жолдауда айтқаны көк тиындық құны жоқ секілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.