«Алматы-Маңғыстау» пойызымен жарысқа бара жатқан спортшы балалардың ата-аналары пойызда шу шығарып, жылы вагон беруді талап етті. Олардың талабы орындалды, деп жазды Mangystaumedia.kz.
Кішкентай спортшылар ата-аналарымен бірге Алматыға тхэквандо жарысына бара жатқан. Вагон ескі, іші суық болғандықтан, ата-аналар шу шығарған. Маңғыстау станциясында пойызды тоқтатқан. Жаңа вагон беруді талап еткен.
«Біз пойызды тоқтаттық. Өйткені балаларымыз отырған вагонда ешқандай жағдай болмады. Жолсеріктің кінәсі жоқ. Біз балалардын денсаулығына алаңдадық. Жарысқа бара батыр ғой. Содан жаңа вагонды қосып берді», – дейді Сәдуақас Өтепов.
Осы оқиғаға байланысты 10 желтоқсан күні «Алматы-Маңғыстау» пойызы 1 сағат 35 минутқа бөгеліп қалды.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024