Біз
әлеуметтік
желіде
21-03-25 |
710 рет қаралған
Алматы облысындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шықты.
Алматы облысындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шықты

20 наурыз күні Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Қоймада азық-түлік өнімдері мен автокөлік майлары сақталған.

Өрттің аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің бүкіл қойма аумағына және жанында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 17:17-де оқшауланып, 22:11-де толықтай сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның өрт зерттеу сынақ зертханасы және анықтау бөлімі жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 34 қызметкері және 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД-ның 6 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.