03-02-23 |
2610 рет қаралған
Алматы полицейлері кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан – прокуратура.
Алматы полицейлері кәсіпкерлерді заңсыз жауапқа тартқан – прокуратура

Алматы полицейлері кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз жауапқа тартқаны анықталды.

Алматы қалалық прокуратурасының мобильді тобы Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлерінің бизнес субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапқа тарту фактілерін анықтады.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, бірқатар кәсіпкерлер ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы бойынша өз аумағында қар жинап, сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Дегенмен, Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережесінің 88-тармағына сәйкес, аула аумақтарынан және кварталшілік өтпе жолдардан күрелген қарды, жаяу жүргіншілердің еркін жүруіне және автокөліктің қозғалысына кедергі келтірмейтін орында жинауға рұқсат етіледі.

«Аталған фактілер бойынша прокуратура дереу материалдарды зерттеп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік материалдар бойынша прокурорлық акт келтірді», – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.