Рафик Жарылқасымов әлжеліде видео жариялаған. Әйелінің айтуынша, күйеуін 13 қазанда Ақсайдағы мата дүкендерін аралап жүрген кезде штаттық киім кигендер ұстап әкеткен.
– Жәй киім киген адамдар келіп, амандасып, алып кетті. Рафик маған хабарласып, Бостандық аудандық полициясына апара жатқанын айтты. Байланыс та өшіп қалды. Содан бері байланысқа шыққан жоқ, – деді әйелі Вера Жарылқасымова.
Айтуынша, полиция қызметкерлеріне ұқсас адамдар ешқандай құжат көрсетпеген, ұстау себебін де түсіндірмеген.
Дереккөз: Азаттық