arasha.kz

Алматыда әкімнің орынбасары пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді

Где казахстанцы могут заработать более 1 млн тенге

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

«Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.

Exit mobile version