26-04-23 |
1580 рет қаралған
Алматыда халықаралық жартылай марафон өтті.
Алматыда халықаралық жартылай марафон өтті

23-і сәуір күні Алматыда «Бірінші болуға батылдық» қорының қолдауымен көп жылдар бойы өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы халықаралық жартылай марафон өтті. Қордың негізгі мақсаты – елдегі спорт пен жүгіру спортын қолдау. Осы қордың қамқоршылары, атақты спортшылар – Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, Дмитрий Баландин, Уәлихан Тен және т.б.

Осы жылы жартылай марафонға өзге елдің спортшылары, әуесқойлары мен жүгірушілеріден бөлек, дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» оңалту орталығының төрт тәрбиеленушісі қатысты. Кейбір тәрбиеленушілер жарысқа бірінші рет қатысып жатқан жоқ. Ал, кейбір қатысушылар үшін керісінше марфондағы алғашқы қадамы болып есептеледі. Бұған қарамастан, барлық қатысушыларымыз ұмытылмас эмоциялар мен адреналинді бойларына сіңіріп алды.

Жалпы, оңалту орталығының балалары үшін спортпен, оның ішінде жүгіру спортымен достық қарым-қатынас жасау жақсы дәстүрге айналған. Мәселен, 12 жастағы Советхан Сая қазірдің өзінде тәжірибелі марафоншы болып есептеледі, Сая биыл төртінші рет жарысқа қатысып отыр. Сая марафонға қатысу үшін әрқашан үлкен ынтамен жауап береді. Келесі қатысушымыз, 11 жасар Тұрғынбаев Бекболат марафонға бесінші рет қатысып отыр, ол биыл бірінші болып мәре сызығына жетті. Ал 16 жасар Гребнев Эльдар мен 7 жасар Сейітов Ансар биыл марафонға алғаш рет қатысып отыр. Алғаш қатысқанына қарамастан, Ансар мәреге екінші болып жетті. Барлық қатысушылар 10 км қашықтықты бағындырды.

Ерекше балалардың осындай инклюзивті спорттық іс-шараларға қатысуы,балалардың қоғамда әлеуметтенуіне, өзін осы қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуіне, өзіне деген сенімін арттыруға және мотивация алудың тағы бір жақсы мүмкіндігі болып табылады. Сіздер балалардың жүздеріндегі қуаныш сезімдерін көрсеңіздер, қандай керемет! Оны жәй сөзбен айтып жеткізу өте қиын.

Еске салайық, «АЛМАТЫ МАРАФОНЫ» – ЖЫЛ САЙЫН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ СПОРТ ШАРАСЫ, 2012 жылдан бері қоғамда үлкен танымалдылыққа ие болып, осы күндері оңтүстік астанаға көптеген қонақтардың келуіне себепкер болған іс – шара болып есептеледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.