Әлеуметтік желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицияда оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған, деп жазды ҚазАқпарат.
Белгісіз адамдар Алматы қаласының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.
Ол «жабық бас сүйек – мидың жарақаты, мидың шайқалуы»диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – деді полиция департаменті.