Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судьялар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы қалалық сот мәлім етті.
«Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді», – делінген хабарламада.
Қаланың шұғыл жедел қызметтері сот ғимараттарын тексеріп шықты. Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024