22-11-21 |
1240 рет қаралған
Алматыда су қоймасының бөгеті жарылды.
Алматыда су қоймасының бөгеті жарылды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Книжевское су қоймасындағы бөгеттің жарылғанын хабарлады. 

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтуынша, бөгет корпусы 21 қараша күні сағат 23.13 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында жарылған. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, шамамен секундына 30 текше метр су ағып жатыр. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, су тұрғын үйлерге жетпеді. 

Бөгеттен аққан су Мыңбаев – Қасымбек аудандық маңызы бар автожолды шайып өтті. Қазіргі таңда тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жағдай біртіндеп тұрақталуда.

«Ағынды су көлемі азайып келеді. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бастаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар. Қазірде оқиғаның салдарын жою штабы құрылды.

Книжевское су қоймасының көлемі 4,47 млн ​​текше метрді құрайды, қазіргі уақытта ол 50% толған.

Жарылғаннан кейін су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды.
 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.