09-09-22 |
1180 рет қаралған
Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны 62%-ға өсті.
Алматыда тұрғын үйді жалға алу құны 62%-ға өсті

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы – 25,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 18,1%-ға өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 31,8% артқан, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Баспана саудасындағы баға өсімі бойынша Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%) және Өскемен қалалары (39,9%) көш бастап тұр. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (62,5%).

Айта кетсек, Алматыда пәтер бағасының қымбаттауы салдарынан студенттер далада түнеп жүр. Оны биліктегілер де растады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов «Jibek Joly» телеарнасына берген сұхбатында Алматыда әлі 500 cтудент ешқайда орналаспағанын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.