Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының «директоры» алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған.
ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсының жазуынша, 22 жастағы Ж. есімді жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының «директорымын» деп таныстырып, ата-аналдың сеніміне кірген.
«Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте «мұғалім» бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқиалмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді», – деді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Полиция қызметкері бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркелгенін атап өтті.
«Қазіргі тергеу сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деді Ілияс Өмірсеріков.
-
31.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024