06-03-23 |
1800 рет қаралған
Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» ТКШ-ны салған компания өкілдері ұсталды.
Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» ТКШ-ны салған компания өкілдері ұсталды

Алматы қалалық полициясы «Lider Group Consalt» ЖШС директорлары мен бірқатар лауазымды тұлғаларын 2 ай мерзімге қамауға алды.

Алматы қалалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни «Алаяқтық» бойынша «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын-үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және аталған жайт прокуратураның бақылауында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.