08-12-18 |
4640 рет қаралған
Алматыдағы ең қымбат және ең арзан баспананың бағасы қанша?.
Алматыдағы ең қымбат және ең арзан баспананың бағасы қанша?

Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу хабарландыруларын жариялайтын Krisha.kz сайты өздеріне жарияланған хабарландырулардың ішінен Алматыдағы ең қымбат және ең арзан үйдің бағасын анықтапты. 

Сайт баспаналарды іріктеуде мынандай талаптарды ескерген екен: хабарландыруда фото сурет болуы керек, үй тыйым салу мен кепілдікте тұрмағаны, эксплуатацияға берілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін, құжаттарында мәселе болмауы керек. Жатаханадағы бөлмелер мен коммуналды баспаналар қарастырылмаған.

Сонымен, Алматыдағы ең қымбат пәтер  2013 жылы салынған Esentai Palace тұрғынүй комплексінің монолитті үйінде болып шықты.  40 қабатты ғимараттың 37 қабатындағы апартаменттің 4 бөлмелі пәтеріне сатушы 1.2 млрд теңге сұрап отыр.  Пәтердің тұруға болатын аумағы— 260 ш. м. Бұл үйде италия жихазы, еденінде 300 жылдық еменнен жасалған паркет, витражды терезе, балкон панорамасы  мен паркинг ұсынылады. Баспана евроремонттан кейін деп жазылыпты ( дизайн эксклюзивті кеме стильінде).

Сатушы бағаны түсіруге дайын. Пәтерді ұстау шығыны мен комуналды төлемдері айына 1 млн теңге екенін жазады.

Ал қаладағы ең арзан пәтердің құны — 6.5 млн теңге. Бұл 30 ш. м. -лік пәтер 2016 жылы салынған сегіз қабатты ғимараттың жертөлесінде екен. Әжетханасы мен ваннасы бір жерде орналасқан. Аз-маз жихазы да бар.

Жазылған мәліметтерге қарағанда пәтер инфраструктуралары дамыған ауданда орналасқан және көлікпен қатынауға қолайды жерде.

Жер үйлерге келетін болсақ, «Крыша» сайтының мәліметінше, Алматыдағы ең қымбат жер үй 2017 жылы салынған 10 бөлмелі үлкен үй. Ол «Жайлы» деп аталатын коттедждер қалашығында орналасқан. Баспана құны – 4 млрд теңге. Кірпіштен салынған 4 деңгейлі резиденцияның жалпы ауданы 1 500 ш. м. Ол жерде үй кинотеатры, теннис корты, монша, сауна, бассейн, бақ пен 50 ар жер телімі бар.

Жер үй авторлық дизайнмен салынған, «Ақылды үй» жүйесіне қосылған. Барлық коммуникациясы бар, қауіпсіздік те қарастырылған: сигнализация, видеобақылау, видеодомофон, тәуліктік күзет. Үйді ұстау шығыны мен қызмет көрсетіп отырғандарға төленетін ақшаны қосқанда  1.5 млн теңге ай сайын жұмсалып отырады.

Сайттың мәліметінше ең арзан жер үй екі бөлмелі екен. Оның тұрғылықты ауданы 38.7 ш. м, құны 3.5 млн теңге. Бұл үй 2006 жылы кірпіштен салынған, Шаңырақ-2 ықшам ауданында орналасқан. Баспана орналасқан жер аумағы 1.5 ар ортақ иелікте екен, бірақ бөліп алуға болады деп жазылған.

Мынандай коммуникациялары бар: электр энергия, орталық су құбыры, пешке от жағу арқылы жылытылады, газ бен телефон қосуға мүмкіндік бар. Ванна мен әжетханасы үйдің ішінде.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.