«Астана» алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген.
Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылдған. Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталып кеткен.
– 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер,
– 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер,
– 117 шаршы метр раушан гүлдер.
Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.