10-09-22 |
1480 рет қаралған
Алматыдағы мұз айдыны әншілердің ордасына айналған.
Алматыдағы мұз айдыны әншілердің ордасына айналған

500-ге жуық баланы хоккейге дайындап жүрген Юрий Богайчуктың айтуынша, оларды «Алматы Арена» мұз айдынында толыққанды жаттығу өткізу мүмкіндігінен айырған, оған себеп – қожайынның құлқынында.

«Алматы аренасы» бүгінде спортшылардың емес, әншілердің ордасына айналған. Сол себепті барлық спортшы «Халық аренасына» көшуге мәжбүр, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

«Ареналарды басқарып отырған компания барлығына бірдей көлемде мұз бермекші. 40 бала жаттығатын клубқа қанша берсе, 400-ден астам бала жаттығатын бізге де сондай мөлшерде бермек. Бұл бізді аренадан мәжбүрлі түрде шығару деп санаймыз. Сол себепті наразылыққа шықтым. Егер бұлай жалғаса беретін болса, онда біз клубты жабуға мәжбүр боламыз. Бізде бала өте көп»,- дейді жаттықтырушы Юрий Богайчук.

Басқа командалар мен клубтар да осы мәселеден зардап шеккен көрінеді. Алайда басқарушы компания мұндай пікірмен келіспейді.

«Almaty Arena» және «Halyk Arena» сияқты суперкешендер көпфункционалды құрылыстар екенін түсінулеріңізді қалаймыз. Ол барлық адамға, ірі мақсаттарға арналған кешендер. Біз барлық мақсатты аудитория арасында салауатты, әділ тепе-теңдікті табуымыз керек. Қазақстан спортшылар одағы да жағдайға қанық», – деді «Almaty Arena» және «Halyk Arena» көпфункционалды кешендерін басқаратын компанияның PR-қызметі.

Дегенмен, жаттықтырушының айтуынша, Антикордың араласуынан кейін ғана сең қозғалды.

«Қалыптасқан жағдайдың себебін анықтау кезінде бұл проблема қаланың хоккей клубтары арасында мұзды бөлу алгоритмінің жоқтығынан туындағаны анықталды. Осыған байланысты, осы хоккей клубының құқықтары бұзылған, Сол себепті 400-ден астам бала спортпен шұғылдана алмады», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің аға офицері Ақжан Рақымжанов.

Нәтижесінде хоккей клубы жаттығу сағаттарын қайтарды. Алайда Юрий Богайчук кей балалар үшін жаттығуды жалғастыруға әлі де мүмкіндік жоқ деп отыр. Ол қалаға Мұз айдындары мен спорт алаңдары аздық етіп отырғанын айтты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.