arasha.kz

«АлматыЭлектроТранс» басшысы ұсталды

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлім етті.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, «АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директорының кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғаны, атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісім бойынша ақша аударғаны әшкереленген.

«30 қыркүйекте сот оны қамауда ұстау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды»,- делінген хабарламада.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйек күні Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті И-ге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы тағайындалғанын мәлім етті.

Exit mobile version