28-01-19 |
6090 рет қаралған
Ғалымдар Арал теңізінің жасын анықтады.
Ғалымдар Арал теңізінің жасын анықтады

Ғалымдар арал теңізінің жасын 17,6 мың жыл деп анықтап отыр. National geographic жазуынша мұны анықтау үшін олар теңіздің таяздаған түбінен бірнеше ұңғыма бұрғылап, бірқатар сараптамалар жасаған.

 

Ұлу қабыршақтарының радиокөміртегі мезгілін зерттеу нәтижесінде ғалымдар, Арал теңізінің 17 мыңнан артық уақыт бұрын пайда болғанын анықтаған. Бірақ теңіздің қалыптасу мезгілі тіпті ертеде, 18-23 мың жыл бұрын, Памира мен Тянь-Шань мұздақтары ери бастағанда пайда болаған.

Су Әмудария мен Сырдария өзендері арқылы ағып, теңіз шұңқырын толтырып отырған. Теңіз деңгейлері бірдей болмаған, ең терең кезі 17,6-15,3 мың жыл бұрын болған деп болжайды ғалымдар.

Аралдың ең тұзды болған кезі 4 мың жыл бұрын екен.

Ал 13 жыл бұрын Арал теңізі тағы да тұщылана бастаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.