Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын бейне тараған.
Осы факт бойынша антикор түсінік берді.
«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан», – делінген хабарламада.
Осы жылдың 22 қыркүйегінде аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
29 қыркүйекте күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.